Жоба «Көшеге атау беру туралы»

«Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 4) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабына сәйкес, Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгi жанындағы ономастикалық комиссиясының 2018 жылғы 1 маусымдағы қорытындысы негiзiнде және тиiстi аумақ халқының пiкiрiн ескере отырып, Солтүстiк Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы Ұзынкөл ауылдық округiнiң әкiмi ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. 1-схемалық картаға сәйкес, Ұзынкөл ауылдық округiнiң Ұзынкөл ауылындағы атауы жоқ көшелерiне келесi атау берiлсiн:

Атауы жоқ көшеге — Батыр Баян көшесi;

Атауы жоқ көшеге — Ахмет Байтұрсынов көшесi;

Атауы жоқ көшеге — Тәуелсiздiк көшесi;

Атауы жоқ көшеге — Семен Киреев көшесi;

Атауы жоқ көшеге — Республика көшесi;

Атауы жоқ көшеге — Бәйтерек көшесi;

Атауы жоқ көшеге — Бауыржан Момышұлы көшесi;

Атауы жоқ көшеге — Төле би көшесi;

Атауы жоқ көшеге — Қызылжа көшесi;

Атауы жоқ көшеге — Достық көшесi;

Атауы жоқ көшеге — Тұран көшесi;

Атауы жоқ көшеге — Желтоқсан көшесi.

2. 2-схемалық картаға сәйкес, Ұзынкөл ауылдық округiнiң Шандақ ауылындағы атауы жоқ көшелерiне келесi атау берiлсiн:

Атауы жоқ көшеге — Сергей Луганский көшесi;

Атауы жоқ көшеге — Абылайхан көшесi;

Атауы жоқ көшеге — Әйтеке би көшесi;

Атауы жоқ көшеге — Шоқан Уәлиханов көшесi;

Атауы жоқ көшеге — Әл-Фараби көшесi.

3. 3-схемалық картаға сәйкес, Ұзынкөл ауылдық округiнiң Қоскөл ауылындағы атауы жоқ көшелерiне келесi атау берiлсiн:

Атауы жоқ көшеге — Махамбет көшесi;

Атауы жоқ көшеге — Кенесары көшесi;

Атауы жоқ көшеге — Сарыарқа көшесi.

4. Осы шешiмнiң орындалуын бақылауды өзiме қалдырамын.

5. Осы шешiм алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

Ұзынкөл ауылдық округiнiң әкiмi Б. Шибучиков

05.04.2019
Қаралым саны: 909
coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділетruh.kz